$ 472.57  508.34  5.4

Бүгін Сағадат Нұрмағанбетовтің туғанына 100 жыл толды

Ол Гитлер канцеляриясын шабуылдауға қатысқан.

Фото: el.kz
Фото: el.kz

Бүгін Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің туғанына 100 жыл толды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы El.kz ке сілтеме жасап.

Сағадат Нұрмағамбетов 1924 жылы 25 мамырда Ақмола облысы Ақкөл ауданы Еңбек ауылында дүниеге келген. Ол 1942 жылы әскер қатарына шақырылды. Беларусь, Солтүстік Кавказ, Украина, Молдова, Польша, Германия майдандарында соғысты.

Пулемет взводын, ротаны, атқыштар батальонын басқарды. Гитлер канцеляриясын шабуылдауға қатысты.

1991 жылғы қазанда ҚР Президентінің Жарлығымен Сағадат Нұрмағамбетов Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы, ал 1992 жылғы мамырда Қазақстан Республикасының алғашқы Қорғаныс министрі болып тағайындалды.

1994 жылы Президенттің Жарлығымен оған «Алтын Жұлдыз» табыс етіліп, «Халық Қаһарманы» атағы берілген. КСРО, Ресей, Украина, басқа да мемлекеттердің ордендерімен марапатталып, Кеңес Одағының батыры атағын алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары