Екі сағат 37 минутқа созылған бәсеке барысында Скатов 1 эйспен бірге 18 брейк-пойнттың тоғызын пайдаланды.
Қазақстандық спортшы және әлемнің 242-ракеткасы Тимофей Скатов Германияда өткен Аугсбург челленджер турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген 23 жастағы қазақстандық теннисші финалда өзінен үш жас кіші, дүниежүзілік рейтингіде 293-орында тұрған даниялық Элмар Мюллермен чемпиондыққа таласты.
Жарыс нәтижесінде Скатов 5:2 есебімен алға шығып, матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін мүлт жіберді. Дегенмен кездесуді тағы бір брейкпен тәмамдады - 6:3.
Екі сағат 37 минутқа созылған бәсеке барысында Скатов 1 эйспен бірге 18 брейк-пойнттың тоғызын пайдаланды. Мюллер 4 эйс, 8 брейкпен (13 брейк-пойнт) көзге түсті.
Осылайша, челленджер жарысында үздік шыққан Тимофей Скатов ATP Live рейтингісінде 199-орынға көтеріліп, ТОП-200-ге кіріп тұр.