$ 494.87  520.65  4.91

Ауыр атлетикадан екі бірдей қазақстандық спортшы әлем чемпионы атанды

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты Лимада (Перу) өтіп жатыр.

Фото: sn.kz коллажы
Фото: sn.kz коллажы

Перу астанасы Лимада өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан қоржыны тағы екі алтын медальмен толықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстан командасының өкілі Нұрдос Сабыр ауыр атлетикадан Лимада (Перу) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті.
Нұрдос 89 келіге дейінгі салмақта үздік атанды. Ол  қоссайыс қорытындысы бойынша 333 (148+185) келіні еңсерген. 
Айта кетелік, былтырғы әлем біріншілігінде Нұрдос Сабыр екінші орынға тұрақтаған еді. 

Бұған дейін Перудегі әлем чемпионатында Ақжол Құрманбек 67 келіге дейінгі салмақта күміс медаль алған. 

Қыздар арасында 76 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Аянат Жұмағали де әлем чемпионы атанды. Қоссайыс қорытындысы бойынша 222 келіні бағындырған Аянат қарсыластарынан оқ бойы озып кетті.

Күміс медальді финляндиялық Мини Хормавирта (211 келі), қоланы үндістандық Санжана (210 келі) иеленді.

Сондай-ақ, қыздар арасында 81 келіде бақ сынаған Сәния Орманбаева жалпы есебі 201 келіні игеріп, қола жүлдегер атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары