$ 494.87  520.65  4.91

Шенеуніктер 3,7 млрд теңге бюджет қаражатын заңсыз жұмсамақ болған

Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі 1,9 млрд теңгеге автомобиль жолдарын күтіп ұстауға мемлекеттік сатып алу жариялаған.

Фото: Newtimes.kz
Фото: Newtimes.kz

Ұлытау облысының прокуратурасы жыл басынан бері жалпы көлемі 3,7 млрд теңге болатын 12 мемлекеттік сатып алудың күшін жойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Талдау нәтижелері көрсеткендей, жергілікті атқарушы органдар конкурстарды жариялау кезінде тиісті сараптамалар жүргізбеген, көбінде жобалық-сметалық құжаттамалар болмаған және әлеуетті жеткізушілерге тиімсіз талаптар қойылған.

«Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі 1,9 млрд теңгеге автомобиль жолдарын күтіп ұстауға мемлекеттік сатып алу жариялаған. Бұл ретте тапсырыс беруші конкурстық құжаттамада заңда көзделмеген біліктілік талаптарын негізсіз қойған (мемлекеттік сатып алу нысанасына жатпайтын заңнаманы сақтау бөлігінде). Сонымен қатар мемлекеттік орган бюджет заңнамасының талаптарын бұза отырып, 3 жыл мерзімге қала жолдарын күтіп ұстау туралы келісім шарт жасасуды жоспарлаған. Алайда, мұндай жұмыстар мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шарттар тізіміне кірмейді», – делінген прокуратура хабарламасында.

Басқа жағдайда, Ұлытау облысы денсаулық сақтау басқармасының облыстық психикалық денсаулық орталығы науқастарды тамақтандыру қызметін сатып алу кезінде қаржыны 17,2 млн теңгеге негізсіз жоғарылатқан.

Прокурорлардың наразылығымен заңсыз мемлекеттік сатып алулар жойылып, 9 лауазымды тұлға тәртіптік, 17-сі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары