27.05.2024, 18:40

Ақтөбеде көлік велосипед мінген 1-сынып оқушысын қағып кетті

Фото: Pixabay

Жүргізуші велосипедшіге жол бермеген.

Ақтөбеде велосипед мінген баланы көпқабатты үйдің ауласында қағып кеткен, деп хбарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Тойота жүргізушісі үй ауласынан шығып бара жатып, велосипедшіге жол бермей, оны қағып кеткен. Апат салдарынан бірінші сынып оқушысы ауруханаға жатқызылды.

Ауладан шығып бара жатқан көлік жүргізушілері тротуардан велосипедшінің шығып қалуы мүмкін екеніне дайын болуы керек. Велосипедші жаяу жүргіншіге қарағанда жылдамырақ, өйткені ол шамамен 20-30 км/сағ жылдамдықпен қозғалады. Әсіресе, екі көрші үйдің арасынан немесе арка арқылы ауладан шығуға тура келгенде мән берген абзал. Мұндай жағдайда велосипедшіні алдын ала байқап қалу мүмкіндігі аз, дәлірек айтсақ, нөлге тең», - деп атап өтті жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Айдос Құлжанов.

Қазір облыста «Назар аударыңыз: балалар!» акциясы жүріп жатыр, онда полиция қызметкерлері оқушылармен профилактикалық кездесулер өткізіп, жолдарда қауіпсіздікті сақтау туралы әңгімелесуде.