$ 494.87  520.65  4.91

Қызылорда облысында мемлекеттің қаржысына салынған ондаған жылыжай қаңырап бос тұр (ВИДЕО)

Көкөніспен қамтамасыз етеміз, одан қалды, шетелге шығарамыз деді. 

Қызылорда облысында Ягодка саяжайлар ауылы мен Талсуат ауылдарының ортасындағы жер телімінде ондаған саяжай бос тұр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Ruhyсайтына сілтеме жасап. 

Видео әлеуметтік желіде тарады. Автордың айтуынша, жылыжайлар Қызылорда қаласындағы Онкологиялық орталық пен Туберкулез ауруханасы, Орталық концерт залына жақын маңда орналасқан.

Мына жылыжайлар мемлекеттік бағдарлама аясында салынды.  Миллиондаған ақша кетті. 

Қызылорда облысын көкөніспен қамтамасыз етеміз деді, одан қалды, шетелге шығарамыз деді. 

Әкімдік халықтың ақшасын жұмсап, ақыры мынандай халге жетті. Іші мал қораға айналған. Көкөніс, жеміс-жидек қайда? Шайтан да жоқ. Астана қайда қарап отыр?,- дейді автор видеода.

Жылыжайда тұрғындарды жұмыспен қамту жоспарланған.

Удай қымбат дүние, барлығы қирап жатыр. Мұқтаж жандарға берсеңіздерші, жөндеп алады»,- дейді ол.

Видеоға жазылған пікір қарасы да көп.

«Ол жерде құжат бойынша барлығы жайқалып тұрған шығар. Бұларда тексеру жоқ па? Ақшасы қайда?Антикор қайда? Ысырап деген осы. Халықтың ақшасына жаны ашымайды»,- деп жазған олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары