28.05.2024, 17:40

Тасмағамбетов пен депутаттар барған ең қымбат тойда үш бөлмелі пәтер ойнатылды

Фото: видеодан алынған кадр

Сонымен бірге электрокөлік, Samsung телефондары, 10 IPhone мен Дубай мен Италияға жолдамалар ойнатылды. 

Әлеуметтік желіде пәтер мен көлікті ұтысқа ойнатқан ең қымбат тойдың видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тойдың иесі Парламент Мәжілісінің экс-депутаты Мақсат Раманқұлов. Мерейтой ерекше итальян стилінде өткен.

Аталмыш тойға Иманғали Тасмағамбетов, Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов та келген. 

Тойда МузАРТ, Raim, Ерке Есмахан, Қайрат Нұртас, Өзбекстанның әншілері, Ресейден келген «Мираж» тобы, Германиядан келген Bad Boys Blue тобы өнер көрсеткен.

Тойда ойнатылған лотореяда басты сыйлық Астана қаласынан үш бөлмелі пәтер болған. Сонымен бірге электрокөлік, Samsung телефондары, 10 IPhone мен Дубай мен Италияға жолдамалар ойнатылған.

Кейбір дерек көздері үш бөлмелі пәтерді Мұқасан Шахзадаевтың әйелі ұтып алғанын жазып жатыр.