28.05.2024, 23:30

Бишімбаевтың адвокаты сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді

Фото: Жоғарғы сот

Үш судья біздің апелляциялық шағымдарымызды қарайды.

Қуандық Бишімбаевтың қорғаушылары сот үкіміне қатысты үш аппеляциялық шағым түсірді. Бұл туралы экс-министрдің адвокаты Ерлан Ғазымжанов айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Адвокат шынымен де айыпталушының үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсіргенін растады. 

"Енді судья істі апелляциялық алқаға – Астана қаласының сотына жіберуге тиіс. Онда судья қабылдап, зерттейді және оның кестесіне сәйкес қарау күнін белгілейді. Үш судья біздің апелляциялық шағымдарымызды қарайды. Біз ғана емес, процестің басқа қатысушылары да шағым түсірді", - дейді Ғазымжанов. 

Ол іс бойынша апелляциялық шағым түсіріп қана қоймай, оны Бишімбаевтың басқа қорғаушылары да, сотталушының өзі де бергенін айтып берді.

Еске салсақ, Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованың өлтірді деген айыппен 24 жылға сотталған.