Telegram-дағы түрлі арналарда тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Бас прокуратура Қанат Таймерденовке ұсталды деген ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы
“Алматы қалсының полиция департаментінің экс-басшысы Таймерденовтің ұсталғаны туралы Telegram-дағы түрлі арналарда тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді", - делінген хабарламада.
Бұл ретте, Бас прокуратура көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертіп, азаматттар мен БАҚ өкілдерін ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.