29.05.2024, 12:20

«Енді миы ашыды ғой»: Бишімбаевтың ісін қараған судьяның шетелде жүрген видеосы тарады

Коллаж: sn.kz

Кадрда Көлбаева Түркия көшелерінің бірінде кетіп барады.

Іnstagram әлеуметтік желісінде Салтанат Нүкенованың өліміне кінәлі деп сотталған Қуандық Бишімбаевтың ісін қараған судья Айжан Көлбаеваның видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кадрда Көлбаева Түркия көшелерінің бірінде кетіп барады. Видео авторы болса, "Стамбулда көремін деп кім ойлапты" деп жазған.

Ал желі қолданушылары "Енді миы ашыды ғой қанша ай", "Мынандай ми ашудан кейін демалмасаң болмайды-ау", "Жақсы демалсын" деп пікір қалдырған.