Менің Назарбаевтар әулетін емдеген кезім болды.
Қазақстандық көріпкел Бақыт Жұматова оның көмегіне Жоғарғы соттағылар да, прокуратурадағылар да жүгінетінін айтты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Жоғарғы сотта, прокуратурада жұмыс істейтін клиенттерім бар. Көптеген журналистер маған жүгінеді. Әйелдер ғана көріпкелге жүгінеді деп айта алмаймын. Ер азаматтар да, жас балалар да келеді. Ер адамдар әйелі көзіне шөп салып жүр ме деген сұрақпен келеді. Ондай адамдар бұрын болған, қазір де бар, болашақта да болады. Бишімбаевтың сотында бәрі көріпкел, таролог деген нәрсе барын бірінші рет естігендей болды», - дейді Бақыт Жұматова Airan медиаға берген сұхбатында.
Dalanews.kz мәліметінше, Ақ ана атты қаскелеңдік емдеуші кезінде Болат Назарбаев та келгенін айтады.
«Менің Назарбаевтар әулетін емдеген кезім болды. Біз отырған ғимаратты салған Болат Назарбаев деп айтады. Шын мәнінде ол салған жоқ. Бірақ ғимаратты салуға өзімнің шәкірттерім, қарапайым адамдар көмектесті», - дейді Ақ ана.
Экономист, қоғам қайраткері Айдар Әлібаевтың сөзінше, жоғары шенді мемлекеттік қызметкерлер арасында көріпкелге бару – қалыпты нәрсе.
«Олар әрине оны мойындамайды, тыныш барып келеді. Бірақ көбі көріпкелге жүгінеді. Біздің шенеуніктер үнемі өзіне сенімсіз жүреді. Бірақ ол да қалыпты жағдай. Себебі, оларды жиі ауыстырып тастайды. (...) Министрлер, әкімдердің бәрі көріпкелге жүгінеді. Оларды қорғап жүретін, көз тиюден қорғайтын жеке көріпкелдері болады. Кейбір көріпкелдер болашағы жарқын екенін айтып, көңіл күйін көтереді. Нақты кесіп айта алмаймын, бірақ Назарбаев та көріпкелге барған. Жалпы көріпкелдің көмегіне жүгіну Назарбаевтың кезінде сәнге айналған деген сөздер бар. Бірақ онсыз да ондай адамдар болар еді. Бәріміз болашақта не болатынын білгіміз келіп отырады ғой», - дейді Айдар Әлібаев.
Еске салайық, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында шымкенттік көріпкел куәлік еткен болатын.