Антикор жалған ақпараттарға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, сондай-ақ қаражат аудармауға шақырады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі алаяқтықтың жаңа бір тәсілі туралы ескертеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды мессенджерлер (WhatsApp, Telegram және т. б.) арқылы жалған аккаунттар құрып, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері мен басшылығының атынан қоңыраулар жасайтын, сондай-ақ жалған ақпарат жіберетін адамдар тобының алаяқтық әрекеттері туралы ескертеді», - делінген хабарламада.
Антикор жалған ақпараттарға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, сондай-ақ қаражат аудармауға шақырады.
Осындай жағдайларға кездескен кезде, құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұрайды.