$ 498.34  519.72  4.85

«Көшеде қалғымыз келмейді»: Өнеркәсіп саласы қызметкерлері «Халықтың табысының өсуі үшін» петициясын қолдады

Бұған дейін отандық бизнесті қорғауға бес ірі кәсіпорынның еңбек ұжымы пікір білдірді.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Қазақстандық жұмысшылар өз еңбек құқықтарын дәлелдеуге тура келетініне наразы, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Халық табысының өсуі үшін!» петициясын өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлері де қолдады.

Біз көшеде қалғымыз келмейді, біздің мақсатымыз ― зауытымызбен бірге өсу және оның қалыптасуының бастауында болу. Біз Қазақстан гүлденген ел бола алатындығына сенеміз, бірақ бұл үшін өндірісті дамыту қажет. Сондықтан біз бұл өндірістердің жабылуына қарсымыз. Барлық елдерде халық жұмыс орындарын құру мен дамытуды жақтайды. Неге Қазақстанда жұмысшылар жұмысқа құқығы бар екенін дәлелдеуге тиіс?,- деді «Казрост» ЖШС жұмысшылары.


Сондай-ақ «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ қызметкерлері қазақстандықтарға бейнеөтініш жолдады.

Біз кәсіпорнымызды және бүкіл қазақстандық автоөнеркәсіпті құрдымға ұшыратуға қарсымыз. Біз далада қалғымыз келмейді, - деп атап өтті жұмысшылар.

Бұған дейін отандық бизнесті қорғауға бес ірі кәсіпорынның еңбек ұжымы пікір білдірді, олар «СемАЗ» зауыты, «Имсталькон» АҚ, BI Group (MODEX зауыты) қызметкерлері, «Қазақмыс» (KLMZ) компанияларының жұмыс топтары, «QazTehna»ЖШС.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары