31.05.2024, 11:20

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

Фото: kff.kz

Магомед Адиев мұндай шешімді отбасылық жағдайына байланысты қабылдағанын айтты. 

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов Футбол үйінде Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабымен кездесу өткізді.

«Бас бапкер Магомед Адиев мұндай шешімді отбасылық жағдайына байланысты қабылдағанын алға тартып, қызметінен кетті», - делінген ҚФФ хабарламасында.

ҚФФ мұндай бағытқа да дайын болды және келесі аптаның басында жаңа бапкерді таңдайды.