31.05.2024, 16:20

«Марат, кешірші»: Алматыда жігітті сабаған қыздар кешірім сұрады

Фото: Видеодан кадр

Бізді кешіресіңдер деп үміттенеміз.

Алматылық қыздардың жігітті ұрып-соққаны түсірілген видео TikTok желісінде тарады. Артынша екі қыз бен жігіт жәбірленуші достарынан кешірім сұраған видеосын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Марат, саған қатысты жасалған әрекетіміз үшін сенен және отбасыңнан шын жүректен кешірім сұраймыз. Бізді кешіресіңдер деп үміттенеміз»,- дейді ұрып-соққан 3 жасөспірім. 

Алматы полиция департаменті видеодағы кәмелетке толмағандарды анықтап, ата-аналарымен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілгенін хабарлады. Тергеу шаралары басталды.