31.05.2024, 19:20

Алдағы екі жылда жас ғалымдар зерттеуіне 18 млрд теңге бөлінеді

Фото: Pixabay

Былтыр 284 жас ғалым баспана алды.

Алдағы екі жылда жас ғалымдар зерттеуіне 18 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Біз ғалымдарға жағдай жасау керек деп жиі айтамыз. Бұл – құр сөз емес. Мемлекет тарапынан нақты жұмыс жасалып жатыр. Алдағы екі жылда жас ғалымдардың зерттеуіне бөлінетін грант саны тағы да көбейеді. Бюджеттен 18 миллиард теңге бөлінеді», - деді Президент.

Былтыр 284 жас ғалым баспана алды.

«Биыл менің тапсырмаммен оларға тағы 200 пәтер берілетін болды. Осындай нақты шаралар арқылы еліміздегі ғылымды және жалпы ғалымдар қауымын қолдау жұмысы алдағы уақытта да жалғасын табады», - деді Мемлекет басшысы.