$ 476.27  515.47  5.41

Ақшаны мұздатқышта сақтаған: Антикор ректордың ұсталған сәтінен видео жариялады

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. 

Фото: видеодан кадр/Антикор
Фото: видеодан кадр/Антикор

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры жемқорлыққа байланысты күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Агенттік мәліметінше, ол Алматы қаласында кәсіпкерден 11,6 млн теңге көлемінде пара алған.

«Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ Басқарма төрағасын әшкереледі. Ол медициналық жабдықтарды мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша бюджет қаражатын кедергісіз аударғаны үшін Алматы қаласының кәсіпкерінен 11,6 млн теңге көлемінде пара алған», - делінген хабарламада.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары