31.05.2024, 23:30

Павлодар облысында ауыл тұрғыны әйелін өзі босандырып алған

Фото: Pixabay

Ер адам 24 жастағы жүкті әйелінің толғағы жиілегенін айтқан.

Павлодар облысында ауыл тұрғыны әйелін өзі босандырып алды. Оған 103 диспетчері кеңес беріп тұрған, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, медициналық топ шақыруға бара жатқанда диспетчер қоңырауды "ұстап тұру" әдісі бойынша нұсқаулар берген.

"Жедел жәрдемге 31 мамыр күні шамамен таңғы сағат төртте Майқайың ауылынан шұғыл қоңырау түскен. Ер адам 24 жастағы жүкті әйелінің толғағы жиілегенін айтқан", - делінген хабарламада

Диспетчер шақыртуға медициналық топты жіберіп, қоңырау шалушыға босану кезінде қалай көмектесу керектігін айтқан.