Еңбек кодексінің 84-бабының 5-тармағына сәйкес, Қазақстанда Құрбан айттың бірінші күні демалыс болып жариялаған.
Қазақстан азаматтары осы мерекеде қандай күндері демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Күнтізбеге сәйкес, биыл мұсылман мерекесі дүйсенбі, 17 маусымға сәйкес келеді. Бұл күн күнтізбеде демалыс күні. Осылайша қазақстандықтар Құрбан айтта үш күн — 15, 16 және 17 маусымда демалады.
Еңбек кодексінің 84-бабының 5-тармағына сәйкес, Қазақстанда Құрбан айттың бірінші күні демалыс болып жариялаған.
Бұл күні әрбір мұсылман Аллах разылығы үшін мүмкіндігі болса құрбандық шалып, мал сояды (жылқы малынан басқасын). Алланың бұйыруы бойынша бірінші құрбандық Ибрагим пайғамбардың сүйікті баласы – Исмайыл болуы керек болды. Не әкесі, не баласы оған қарсы болған жоқ. Аллаһ әкесі мен баласының өзіне берілгендігіне көз жеткізіп, оларды құрбандыққа шалған жұмақтан аспан түстес көк қошқарды түсіріп, оларға мейірім түсірді. Содан бері дәстүр жалғасын табуда. Оны орындау – әрбір мұсылманның міндеті.