02.06.2024, 10:30

ШҚО-да көлік жүргізушісі жеке тұрғын үйдің қоршауын соғып, оқиға орнынан қашып кетті

Фото: Pixabay

Тұрғынға 129 220 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Шығыс Қазақстан облысында автокөлік жүргізушісі жеке үйдің қоршауын соғып, оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

Катонқарағай аудандық сотының хабарлауынша, оқиға "Үлкен Нарын" кентінде тіркелген.

Жергілікті тұрғын өз көлігін басқарып, жеке үйдің қоршауына соғылып, артынша оқиға орнынан қашып кеткен.

Сот жергілікті тұрғынға 129 220 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды.