$ 494.87  520.65  4.91

«Ұлымды емдетуге 30 мың доллар қажет»: Дипломат күйеуінен таяқ жеген Карина Мамаш алғаш рет сұхбат берді

Сен туыстарыңа ақша шашуды доғарып, баланың емімен айналысайық дедім. Алайда ол әр түрлі сылтау тауып, бармаудың амалын қарастырды.

Фото: видеодағы кадрдан алынды
Фото: видеодағы кадрдан алынды

Күйеуінен үнемі зәбір көргенін айтқан Карина Мамаш қазір Қазақстанда. Ол елге оралғаннан кейінгі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол «Қазақстан халық партиясы» ютуб арнасында қонақта болып, сұхбат берді.

Мемлекеттік қызметтегі күйеуінен қорлық көрген әйел жүкте кезін есіне алды.

Оның айтуынша, қазіргі кезде ұлы ауырып жүр. Ал баласын емдетуге қомақты қаражат қажет. 

«Жүк кезімде қатты күйзелдім. Ол маған эмоционалды қысым көрсетті. Ұлыма аяғым ауыр кезде күйеуім ішіп келіп, ішімнен ұрды. Мен әдейі істеген жоқ, байқаусызда болды деп қабылдадым.  Бірақ сол бір соққының салдарынан ұлым зардап шекті. Жүктілік кезінде дәрігерлер баланың жақсы дамып келе жатқанын айтқан. Бір жасқа дейін де солай деп сендірді. Екі жасқа таяғанда жүре бастады, алайда, ақсаңдап басатын болды. Ол кезде біз Брюссельде тұрдық. Бармаған жеріміз қалмады. Ешкім нақты диагноз қоймады. Бұл неврологиялық ауытқу. Бізге Оңтүстік Кореяға барыңдар деді. Себебі ұлыма үш операция жасау керек екен. Сол кезде күйеуімнен жалынып сұрадым. Былтыр да, оның алдыңғы жылы да барайық, ақша жинайық деп өтіндім. Мүмкіндігіміз жетеді. Сен туыстарыңа ақша шашуды доғарып, баланың емімен айналысайық дедім. Алайда ол әр түрлі сылтау тауып, бармаудың амалын қарастырды. Енді ұлымды емдетуге 30 мың доллар қажет. Ол былтырғы есеп бойынша. Биыл қанша екенін тағы да сұрастырып білу керек», - деді Карина Мамаш.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Әйелін 10 жыл қорлаған дипломатқа қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды

Еске салсақ, Сәкен Мамаш ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы «Азаптау» бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Дипломаттың әйелі Карина Мамаш 5 мамырда Сәкен Мамаш үйіне қонаққа келген әпкесі мен оны ұрып-соққанын айтқан еді. Осыдан кейін сыртқы істерминистрлігі Біріккен араб әмірліктері дипломатын тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деген айыппен Қазақстанға шақырып алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 13
Күлкілі 6
Ашулы 12

Серіктес жаңалықтары