$ 495.2  522.34  4.94

«Жердің түбінен суырып аламыз»: Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша жәбірленуші сотта куәлік берді

Олар бизнесті тиімсіз басқару болғанын айтты. Осыдан кейін Қайрат Сатыбалдыұлы мен Гүлмира кеңесуге шықты. Кейін Қайраттың атынан көмекшісі келіп, тексеру қорытындысы бойынша шешімді айтты. 

Фото: khabar.kz
Фото: khabar.kz

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Іс бойынша жәбірленуші Абай Жүнісов өз сөзінде Қайрат Сатыбалдыұлы тарапынан қысым болғаны туралы айтты, деп Skifnews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты бопсалау және заңсыз тұтқында ұстау ісі бойынша сот процесі барысында жәбірленуші кәсіпкер Абай Жүнісов Гүлмира Сатыбалды бірлескен серіктестікте ұрлық жасады деген күдікпен кінәсін мойындауды талап етіп, 2019 жылдың ақпанынан бері үйінде заңсыз қамауда ұстағанын айтты. Бір айға жуық "үйқамақта" болғаннан кейін кәсіпкер Қайрат Сатыбалдыұлының Алматыдағы "Kaisar Plazа" бизнес орталығындағы кеңсесіне жеткізілген.

"Гүлмира Сатыбалды енді бір-бірімізді көрмеуіміз мүмкін екенін, бұл соңғы кездесуіміз екенін айтты. Мені ең жоғарғы қабатқа Қайрат Сатыбалдыұлының кабинетіне апарды. Ол үстел басында отырды, тіпті сәлемдеспеді. Маған айтқан алғашқы сөздері былапыт сөздер болды. Мен оның жағдайдан хабардар екенін, менің тұтқында отырғанымды білгенін түсіндім. Сол кезде Гүлмира кіріп, тағы да мені ақша жымқырдың деп айыптай бастады. Бұл менің кінәм емес екенін түсіндірдім. Қайрат мені көрші шағын бөлмеге апарды, ол жақта қараңғы болды. Менің ұрлыққа қатысым бар ма деп сұрады, мен жоқ дедім. Егер бірдеңе тапса, қызылға қызыл, қараға қарамен шешетіндерін айтты. Басқа жаққа сытылып кетсем, жердің түбінен суырып алатындарын ескертті", - дейді жәбірленуші.

Жәбірленушінің айтуынша, Қайрат Сатыбалдыұлы ұрлық дерегін анықтау үшін өз қызметкерлеріне компанияға тексеру жүргізуді тапсырған. Кейін кәсіпкерді Гүлмира Сатыбалдының күзетшісі бірнеше рет оның бизнесіне тексеру жүргізіп жатқан "Сигма" компаниясының кеңсесіне жеткізген. Бір кездері ер адамға детектордан өтуге тура келген...

Жәбірленушінің айтуынша, 2019 жылдың шілдесінде тексеру нәтижелерін көрі үшін қайтадан "Сигма" кеңсесіне жеткізілген. Кеңседе ол бұрын сөйлескен осы компанияның қызметкерлері, оның ішінде "Қазақтелеком" АҚ директорлар кеңесінде болған және "Сигма" компаниясының тең құрылтайшысы болған Тимур Найзабеков болған. Жәбірленушінің айтуынша, Найзабеков пен Сатыбалдыұлы достық қарым-қатынаста болған. Жиналғандардың барлығы ер адам күшпен үйде ұсталғанын білген.

"Кейін Қайрат Сатыбалдыұлы мен Гүлмира бірге кірді. Оларды Қайраттың көмекшісі қарсы алды. "Сигма" компаниясының өкілдері сөз сөйледі. Қайрат, Жүнісов жасаған ақша ұрлау дерегі бар ма деп үш рет сұрады, оған компания өкілдері растамады, растай алмайтындарын айтты. Олар бизнесті тиімсіз басқару болғанын айтты. Осыдан кейін Қайрат Сатыбалдыұлы мен Гүлмира кеңесуге шықты. Кейін Қайраттың атынан көмекшісі келіп, тексеру қорытындысы бойынша шешімді айтты. Ол маған Гүлмира мен Қайрат менің астаналық компаниямды алады, ал негізгі компания өзімде қалады деді", - деді жәбірленуші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары