Әзірге күдікті ретінде ешкім анықталмаған.
Бас әскери прокуратура алты айдан бері комада жатқан сарбаз Ербаян Мұхтардың ісіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әскери прокуратураның мәліметінше, қазір «денсаулыққа ауыр зиян келтіру арқылы әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынастың жарғылық ережелерін бұзу» бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Әскерилер шындықты айтқаны үшін сарбаздың анасын пәтерден қуып шыққан
Әзірге күдікті ретінде ешкім анықталмаған.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы қатардағы жауынгер Ербаян Мұхтардың дене жарақатын алуына қатысты түрлі нұсқаларды қарастыруда, оның ішінде жарғыдан тыс қарым-қатынастарда болуы мүмкін. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді», – делінген прокуратураның хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін алты ай бойы комада жатқан сарбаздың анасы әділдік таппай шырылдап жүргенін жазғанбыз.