04.06.2024, 14:00

«Ретро-Алматының символы еді»: Белгілі журналист Алматыдағы Саяхат автовокзалының ғимаратын жоқтады

Фото: saule_abedinova

Өнерді тудыру қиын, бүлдіру оңай.                                                                                             

Танымал Сәуле Әбілдаханқызы әлеуметтік желідегі парақшасында Алматының тарихи ғимараттарына немқұрайлы қарап, көне қаланың көзі боп, символына айналған ғимараттардың қиратылып жатқанына наразылығын білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, тарихты өзінен бастағылары келетін топастар ғасырлар бойы осылай жасап келеді. Сондай-ақ Саяхат автовокзалының ғимаратын қиратып тастағандарға іші ашитынын білдірді.

Нағыз сейсмотөзімді, тарихи, аңызға айналып үлгерген ғимарат еді. Ешқандай кедергісі де жоқ, дара тұрған жерінен қиратты да тастады. Обал жасады иттер... Жаңа автовокзалмен бизнестеріне бәсеке болады деген шығар...Бәсекелестерін жою, өлтіру "нәннің" және "нән" жүйенің әдеттері еді ғой...

Екіншіден, Саяхат - архитектуралық өнер туындысы еді. Өнерді тудыру қиын, бүлдіру оңай. Үшіншіден, тарихты өзінен бастағылары келетін топастар ғасырлар бойы осылай жасап келеді.

Республика сарайын, Балуан Шолақ сарайын т.б. ғимараттардың сыртын қаптап өзгерткен кезде де "Алаш айнасына" шығатын "дейін... кейін..." деген суреттерді көрген сайын "әй, топастар-ай" деп, ішім ашып, бір боқтайтынмын.

Әсіресе "Саяхатқа" өте обал жасады. Жылағың келеді. Ретро-Алматының бір символы еді...", - деп жазды журналист.