$ 494.87  520.65  4.91

Мемлекеттік құпияларды жария еткен ҚМА қызметкері сотталды

Бұл қылмыс мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін ең ауыр қылмыстардың бірі ретінде сараланды.

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 185-бабының 3-бөлігі (мемлекеттік құпияларды заңсыз жария ету) бойынша ҚМА-ның бұрынғы қызметкері 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп Skifnews.kz ақпарат порталы Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл қылмыс мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін ең ауыр қылмыстардың бірі ретінде сараланды.

Сот барысында прокурор қызметкердің құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға бір жыл бойы бергені туралы сенімді дәлелдер келтірді. 

Мұндай қылмыстардың алдын алу құқық қорғау органдарының басым бағыттарының бірі болып табылады.  

Үкім заңды күшіне енді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары