$ 474.62  517.19  5.39

«Топастықтың шыңы»: Қазақ жігіті сүренің көмегімен пайғамбардың мазарына ұрланып кіруге болатынын айтты

Мекке және Медина қалаларындағы барлық тиымдар мен ережелер шариғатқа сай жергілікті әкімдік пен дін өкілдері бірлесіп бекітеді. Оны бұзу - харам.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Меккеге барған қазақ азаматы Ясин сүресінің 9-аятын оқып, көзге көрінбейтін адамға айналғанын айтқан. Оның айтуынша, құранның күшімен Мұхаммед пайғамбардың мазарына ешбір рұқсатсыз әрі оңай кіріп кеткен, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Саясат Қазбекұлы есімді желі қолданушысы аталмыш видеоны Facebook парақшасына жариялап, қасиетті жерде тәртіп бұзған азаматты қатаң сынап, оның әрекетін топастыққа теңеді.

"Мына дінкеш тіпті қуып кетті. Бәсе, дінге дені дұрыс, саналы, білімді адам жоламаушы еді. Мынау топастықтың шыңы болды. Әңгіме былай: Мына дінкеш Мұхаммед пайғамбардың мавзолейіне зират етуге барады. Ол жерге кіру тіпті қиын. Медина қаласының админстрация өкілдері, дін өкілдері және арнайы күзет күштері ешбір адамды рұқсатсыз кіргізбейді. Рұқсатты арнайы сайтқа тіркеліп алу керек немесе QR код алу арқылы кіруге болады. Бұл мумин ештеңе алмаған,бірақ кіріп шыққан. Сүйтсек Ясин сүресінің 9 аятын оқып, аяқ асты көрінбейтін (человек невидимка) адамға айналып,қырғын күзеттің көзіне көрінбей өтіп кетіпті", - деп жазды желі қолданушысы.

Саясат Қазбекұлы Ясин сүресін толығырақ жазды. 

"Содан Ясин сүресінің 9 аятында не жазылыпты? Оқып көрелік. Ямин.9 аят: «Олардың (иман келтірмегендер) арттарынан да алдарынан да бөгет жасап,көздерін қаптадық. Олар көрмейді». Ясин.10-аят: (Мұхаммед с.ғ.с) оларға ескертсеңде, ескертпесеңде бәрі бір,олар иман келтірмейді. Ясин сүресінің 9 аятында «иман келтірмегендер» туралы Аллаһ Мұхаммедке айтып жатыр: олар шынайы дінді көрмейді,олардың көздерін байладық-деп. Яғни қазақшаласақ: «кәпірлер» шынайы дінді танымайды, Аллаһты көрмейді, оларды Тозақпен жазалаймыз. Оларға қанша айтсақ та түсінбейді. Жалынып басыңды ауыртпа-дейді. Мына дінкеш ол аятты өзіне балап, көрінбей өтіп кеттім деп лағып отыр. Құранды оқымайды, оқыса да түсінбейді деген осы. Тупизм таза. Сонда мавзолей теориториясында жүрген жергілікті әкімдік, дін және күзет өкілдері «имансыздар» боп тұр ғой. Солардың көздері байланып, мына дінкештің кіргенін байқамай қалып тұр. Пайғамбардың зиратын сонда иман келтірмегендер, кәпірлер күзетіп тұр ма? Мынаның сөзіне қарасақ 9 аятпен ұштасқан, солай боп тұр. Дұрысында мына дінкеш далаға лағып жүр, Құранды өзінше тәспірлеп. Дінге санасыздар барады дегенге сенбейсіңдер,міне, мысал", - деп жазды ол.

Сонымен қатар желі қолданушысы дінді толық түсінбейтіндерге ашуланды.

"Құран аяттарын теріс түсініп, лағып отыр. Оның үстіне өзгелерді арандатып отырғанын қара. Ясиннің 9 аятын оқып алсаң кезек алып, сайтқа тіркеліп (заң бұзып) керек емес, көрінбей өтіп кетесің деп өзге муминдерді заң бұзуға итермелеп отыр. Мекке және Медина қалаларындағы барлық тиымдар мен ережелер шариғатқа сай жергілікті әкімдік пен дін өкілдері бірлесіп бекітеді. Оны бұзу - харам. «Қасиетті жерде» жүріп харам нәрсе істеп жүр мына бейбақ және өзгелерді азғыруда... Мынаны көрген дінкештер 9 аятты оқып алып өтем деп ұсталады. Айыппұл арқалайды. Мынаған повезло, өзгелерге ондай мүмкіндік тумасы анық. Бұлар қазақ боп та жарытпайды ғой. Және мынандай шолақ ойымен дұрыс адамдарға да күн көрсетпес. Бұл топастарды дінмен тұсаулап ұстаған дұрыс па дедім", - деп жазды желі белсендісі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары