Қытайдан фудтрек алдыру үшін тапсырыс берген.
Алматы қаласында «TOO «Almaty Brand Service» атымен жұмыс істеген компания өкілдеріне алданып қалған жәбірленуші видео жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жәбірленуші жұбайымен бірге Қытайдан фудтрек алдыру үшін тапсырыс берген екен. Алдын ала өтемі ретінде 700 000 теңге төлеген. Бірақ уақыты толғанда көлік те келмеген, тапсырыс қабылдағаy компанияның өзі де жауап бермей, жоқ боп кеткен.
Өздігімен іздестіріп көрген жәбірленуші бұл отбасылық топтасқан алаяқтар екенін біледі. Бұл компания бұған дейін де браз адамды сан соқтырып кеткен көрінеді. Жинаған ақпараттарын топтастырып, Instagram әлеуметтік желісіндегі almaty__press парақшасында бөлісті.
Дәл қазір олар басқа да жәбірленушілерді іздеп жатқанын, сонымен бірге полицияға хабар берілгенін, қазір тергеу іздестіру жұмыстары жүріп жатқанын жариялаған.