$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында 9-сынып оқушысы отқа оранған үйден екі адамды алып шықты

Ол досының үйіне келе жатып, сол маңдағы үйдің өртенгенін көрген.

Фото: Алматы облысы әкімдігі баспасөз қызметі
Фото: Алматы облысы әкімдігі баспасөз қызметі

Оқушы 63 жастағы қарт кісі мен 12 жастағы немересін қрт шыққан үйден алып шығып, өрт сөндірушілерді шақырған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

BAQ.KZ сайтының жазуынша, ерлік жасаған бала – Боралдай кенті, №39 гимназияның 9-сынып оқушысы Қамитбек Ихсан.

Ол досының үйіне келе жатып, сол маңдағы үйдің өртенгенін көріп, жедел әрекетке көшкен.

4 маусым күні Боралдай кентіндегі үйлердің бірінен өрт шыққан. Ихсан ойланбастан өрт шыққан үйге жүгіріп кіріп, өрт күйшеймей тұрғанда 63 жастағы қарт кісі мен 12 жастағы немересін отқа оранған үйден алып шығып, өрт сөндірушілерді шақырған. Өрт сөндірушілер келіп, тілсіз жау толығымен сөндірілді. Баланың бұл ерлігі ештеңемен өлшенбейді, осындай ұлды тәрбиелеген ата-анасына және ұстаздарына мың алғыс! Ихсан – бүгінгі күннің батыры, - дейді Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 17
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары