05.06.2024, 21:30

Қырғызстан «Қазақмыс» топ-менеджеріне іздеу салды: Компания мәлімдеме жасады

Фото: kz.kursiv.media коллажы / Авторы Денис Андреев

Владимир Жұманбаев Forbes Қазақстан тізімінде Toп-25-ке кіретін белді бизнесмен.

Қырғызстанда қазақстандық компанияның топ-менеджері, олигарх Владимир Жұманбаевқа іздеу жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желіде Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Қазақстан азаматы, Kazakhmys Holding ЖШС топ-менеджері, "Алтын Алмас" және "Қаражыра" компанияларының акционері Владимир Жұманбаевқа халықаралық іздеу жарияланғаны туралы ақпарат тарады.

Осыған байланысты Владимир Жұманбаевтың ҰҚМК хабарламасында көрсетілген құрылымдарға қатысы жоқ екенін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта Жұмабаев еңбек демалысында. Ол құқық қорғау органдарынан жасырынған жоқ және тергеуге барлық көмек көрсетуге дайын. Сонымен қатар, Қырғызстанның сотқа дейінгі тергеу органдарынан "Қазақмыс", "Алтын Алмас" және "Қаражыра" компаниялар тобының атына ресми сауалдар түскен жоқ, - делінген "Қазақмыс" баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ компаниялар тобы өз қызметін Қазақстан заңнамасына сәйкес жүзеге асыратынын және өз қызметкерлерін құқықтық қорғау бойынша шаралар қабылдауға дайын екенін хабарлады.

Айта кетейік, Владимир Жұманбаев Forbes Қазақстан тізімінде Toп-25-ке кіретін белді бизнесмен.

Іздеу жариялауға себеп – Владимир Жұманбаевтың  Қ.Асанбектің (Қамшы Көлбаев) ұйымдасқан қылмыстық тобын қаржыландыруы. Қазақстандық олигархтың  Қ.Асанбекпен Ыстықкөлдің «Барс» демалыс базасының аумағында кездесіп, демалғаны айтылады.

Қазақстандық ірі кәсіпкерге қылмыстық қудалау үшін мемлекетаралық іздеу жарияланған.