06.06.2024, 19:20

Михаил Кукушкин Ұлыбританиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Фото: olympic.kz

Отандық спортшы екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 308-орында тұрған корт иесі Пол Джубпен ойнаған болатын.

Әлемнің 136-ракеткасы, қазақстандық Михаил Кукушкин Сурбитон (Ұлыбритания) челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.  

Отандық спортшы екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 308-орында тұрған корт иесі Пол Джубпен ойнаған болатын.

Бірінші партияда ұлыбританиялық спортшы айқын басымдылық танытты – 6:1. Кейін Кукушкин камбэк жасады – 6:3, 6:2.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған бәсекеде Кукушкин 3 эйс, 4 брейкпен (10 брейк-пойнт) көзге түсті. Джубб 3 эйс, 3 брейкке (7 брейк-пойнт) қол жеткізді.

Михаил Кукушкин жартылай финалға шығу үшін әлемнің 201-ракеткасы, тағы бір ұлыбританиялық Билли Харриспен таласады.