$ 487.24  529.34  5.02

Алматы облысында сібір жарасы көмілген жерге 400-ден астам үй салынған

Екі мыңға жуық ауыл тұрғыны жер телімдеріне үй салып болған кезде ғана инфекция ошағына жақын орналасқандарын білген.

Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Алматы облысы Нұрғиса Тілендиев ауылында сібір жарасы көмілген жердің айналасына 400-ден астам тұрғын үй салынған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Екі мыңға жуық ауыл тұрғыны жер телімдеріне үй салып болған кезде ғана инфекция ошағына жақын орналасқандарын білген. 

Ауыл тұрғындарға жер телімдері бірнеше жыл бұрын берілген. Содан бері көбі үй салып, үйінің маңын абаттандырып үлгерген. Алайда қолдарында құжаттары жоқ. Өйткені сібір жарасының көмілген жеріне жақын орналасуы санитарлық нормаларға қайшы келеді.

Құрылыс біте салысымен, жалға беру мерзімін ұзартамыз, үй салсаңыз, өз атыңызға заңдастырып аласыз деді. Заңдастыру мерзімі жақындаған кезде мал қорымының барын білдік. Әкімдіктен не істеу керектігін сұрадық, олар келісім-шартты тоқтату туралы прокуратураның қаулысы бар екенін айтты, – дейді ауыл тұрғыны Айнаш Иманғалиева.

Сібір жарасына шалдыққан малдардың қалдықтары көмілген қорым орналасқан темір қоршауда ешқандай ескерту немесе басқа белгілер жоқ. Сібір жарасының бактериялары жер бетінде жүздеген жылдар бойы өмір сүре алады, ал егер қорым да расымен бактериялар болса, аурудың таралуына себеп болуы мүмкін.

Мал қорымдары тұрғын үйлерден небәрі 700 метр қашықтықта орналасқан, ал санитарлық талаптарға сәйкес қауіпсіз қашықтық кемінде бір шақырым болуы керек. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, оларға мұндай қорымдар жақын екенін ешкім ескертпеген.

Мен бұл жерде 11 жыл бойы тұрып жатырмын. Бұл қоршауды бірінші рет көріп тұрмын, – дейді ауыл тұрғыны Павел Бузылев.

2012 жылы жер телімдері бірінен соң бірі жалға берілген болатын. Бұл жерде сібір жарасының ошақтары бар екенін өткен жылдың желтоқсан айының соңында білдім. Қазір санитарлық аймақта қанша үй бар екенін есептеп жатырмыз. Біздің есептеуіміз бойынша бұл 429 үй, – дейді Қараой ауылдық округі әкімінің орынбасары Тұрлыбек Анықов.

Қазір сібір жарасы көмілген жердің айналасындағы бұрын бөлінген жер телімдерінде құрылыс жұмыстары әлі де жалғасуда. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары