$ 494.87  520.65  4.91

Түркістанда ҰҚК «қызметкері» миллиондап пара алып жатқанда ұсталды

Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Түркістан облысының тұрғыны өзін арнайы қызмет қызметкері  деп таныстырып, 12 млн теңге пара талап еткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Түркістан облысында тексеріс шараларын тоқтатуға уәде берген азамат 6 млн теңге көлемінде пара алу кезінде ұсталды.

Ол өзін ҚР ҰҚК қызметкері ретінде таныстырды және ЭТТД мен ҰҚКД тарапынан тексеру іс-шараларын тоқтату сылтауымен пара беруге итермеледі.

ҚМА Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен және өңірдің ҰҚКД-мен бірлесіп жүргізген ұстау іс-шарасы барысында белгілі болғандай, келісілген ақшалай сыйақы сомасы 12 млн теңгені құрады, оның жартысын алған кезде аталған азамат ұсталды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары