Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Түркістан облысының тұрғыны өзін арнайы қызмет қызметкері деп таныстырып, 12 млн теңге пара талап еткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Түркістан облысында тексеріс шараларын тоқтатуға уәде берген азамат 6 млн теңге көлемінде пара алу кезінде ұсталды.
Ол өзін ҚР ҰҚК қызметкері ретінде таныстырды және ЭТТД мен ҰҚКД тарапынан тексеру іс-шараларын тоқтату сылтауымен пара беруге итермеледі.
ҚМА Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен және өңірдің ҰҚКД-мен бірлесіп жүргізген ұстау іс-шарасы барысында белгілі болғандай, келісілген ақшалай сыйақы сомасы 12 млн теңгені құрады, оның жартысын алған кезде аталған азамат ұсталды.
ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.