$ 480.63  535.13  5.27

Шымкентте жүргізуші полицейді капотына «отырғызып», бірнеше метрге жүріп өткен (ВИДЕО)

Жүргізуші жол жүру ережесін бірнеше рет бұзғаны үшін тоқтатылды.

Шымкентте көлікті тоқтатпақ болған полицейді жүргізуші капотына салып, бірнеше метрге жүріп өткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Otyrar басылымына сілтеме жасап.

Видеодан патрульдік полицейдің Toyota-ның капотында жатып көлікті тоқтатуға тырысқанын көруге болады. Алайда жүргізуші тоқтамай тұрып бірнеше метрге жүріп өткен. 

Оқиғаға қатысты пікір білдірген полиция департаментінің өкілдері Toyota жүргізушісін жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатпақ болғанын айтады. Алайда ол тәртіп сақшыларының талабына бағынбаған. Аталған жағдайдан кейін жүргізушіге қатысты бірнеше бап бойынша хаттама толтырылыпты.

“Жүргізуші жол жүру ережесін бірнеше рет бұзғаны үшін тоқтатылды. Әкімшілік хаттама толтыру кезінде жүргізуші талапты орындамай, кетіп қалуға тырысқан. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бірнеше бабымен хаттама толтырылды”, – делінген хабарламада. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары