10.06.2024, 10:40

Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингтегі орны қалай өзгерді?

Фото: ©WTA

Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина 57-ден 54-сатыға жоғарылады.

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) Ролан Гаррос турнирінен кейін жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Франция ашық чемпионатында ширек финалға дейін жеткен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 5973 ұпаймен 4-орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 39-дан 41-ге сырғыды.

Аталмыш жарыс жеңімпазы, Польша өкілі Ига Швентек 11 695 ұпаймен өзгелерден оқ бойы озып кетті. Екінші орынға америкалық Кори Гауфф (7 988) көтерілсе, беларусьтік Арина Соболенко (7 788) 3-сатыға төмендеді.

Ролан Гарроста ширек финалда Е.Рыбакинаны жеңіп, соңғы бәсекеге дейін жеткен италиялық Ясмин Паолини (4 068 ұпай) 15-тен бірден 7-орынға шықты.

Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина 57-ден 54-сатыға жоғарылады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ига Швентектің үшінші жыл қатарынан Ролан Гаррос турнирінің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Испаниялық Карлос Алькарас Ролан Гаррос турнирінің чемпионы атанды.