$ 494.87  520.65  4.91

Кәрім Мәсімов президенттен кешірім сұрады – ҰҚК

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, қазір Кәрім Мәсімов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қаулысы негізінде Астанадағы ҰҚК тергеу изоляторында.

Фото: kursiv.media
Фото: kursiv.media

Мемлекетке опасыздық жасағаны және билікті басып алуға тырысқаны үшін айыпталған ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов президенттің атына кешірім беруге өтініш білдірге, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, қазір Кәрім Мәсімов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қаулысы негізінде Астанадағы ҰҚК тергеу изоляторында.

"Шынында да, осы мекемеден ол 2024 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы президентінің атына кешірім жасау туралы өтініш жолдады", – деп хабарлады ведомство.

Онда Мәсімовке қатысты қылмыстық кодекстің 218-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағы ("Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату)") және 366-бабы, 4-бөлігі ("аса ірі мөлшерде пара алу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 4
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары