11.06.2024, 08:30

Бүгін еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады

Фото: Gerd Altmann / Pixabay

Атырау облысында күндіз аптап ыстық болады,  сынап бағаны +40, +43-ке дейін көтерілуіне байланысты төтенше (5-сынып) өрт қаупі сақталады.

11 маусымда Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлытау облысында күндіз аптап ыстық болады, сынап бағаны 40 градусқа дейін көтерілуіне байланысты өрт қауіптілігі жоғарыдан (4-сынып) төтенше (5-сынып) өрт қауіптілігі деңгейіне өседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың басым бөлігінде өрт қаупі жоғары.

Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай ойнап, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде де күн күркірейді, бұршақ түседі деп болжанады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында өрт қаупі жоғары болады. Қарағандыда солтүстік-батыстан соққан желдің күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады. Солтүстік-батыстан күндіз соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығыстында, орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында, орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз облыстың басым бөлігінде аптап ыстық болады, сынап бағаны 40 градус ыстықты көрсетеді. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда өрт қаупі жоғары.

Атырау облысында күндіз аптап ыстық болады,  сынап бағаны +40, +43-ке дейін көтерілуіне байланысты төтенше (5-сынып) өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз қатты ыстық болады: +38 ℃. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары, облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыстың басым бөлігінде қатты ыстық болады: +38 ℃. Облыстың басым бөлігінде жоғары, өңірдің батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл болады деп болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде өрт қаупі жоғары, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысында найзағай болады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында бұршақ түседі, дауыл тұрады деп болжанады.  Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, найзағай кезіндегісі 23 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Семейде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің күндіз найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында күндіз аптап ыстық болады, сынап бағанының +40, +43-ке дейін көтерілуіне байланысты өрт қауіптілігі жоғарыдан (4-сынып) төтенше (5-сынып) деңгейіне дейін өсуі күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, қатты жел тұрады деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с дейін жетеді. Көкшетауда таңертең және түстен кейін найзағай ойнайды деп күтіледі. Таңертең және түстен кейін солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ түседі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с, күндізгі екпіні 23 м/с дейін жетеді. Өскеменде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады деп болжанады. Күндіз найзағай кезінде солтүстік-батысқа оңтүстік-шығыстан ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түстен кейін Түркістан облысының таулы аудандары мен тау бөктерінде найзағай ойнап, күн күркірейді деп күтіледі. Найзағай кезінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавлда күндіз найзағай ойнап, бұршақ түсуі ықтимал. Түнде солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз 25 м/с дейін жетеді.

Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Талдықорғанда күндіз қатты ыстық болады: +33..+35 ℃.

Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түсуі ықтимал. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Павлодарда түнде және таңертең найзағай ойнайды деп  күтіледі. Найзағай кезінде батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с құрайды.