$ 472.57  508.34  5.4

«Бас продюсері – өзім»: Серік Ибрагимов те фильм түсірмек

Бұдан бөлек өзі ешқандай рөлді сомдамайды екен.

Фото: ibragimovserik инстаграм парақшасынан
Фото: ibragimovserik инстаграм парақшасынан

Отандық эстрада жұлдызы Серік Ибрагимов фильм түсіргелі жатыр. Әнші қуанышты жаңалығын Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Серік Ибрагимов жаңа кинотуындының бас продюсері әрі инвесторы өзі болмақ. Бұдан бөлек өзі ешқандай рөлді сомдамайды екен.

"Аллаға тәуекел етіп, кино түсіргелі жатырмыз. Бас продюсері әрі инвесторы – өзім. Көптің сұрағына жауап бере кетейін: кино өзім туралы емес және өзім ойнамаймын", - деді ол.

Сонымен қатар әнші туындысында кімдердің төбе көрсететінін де белгілей кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 4
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары