$ 474.72  515.17  5.58

«Ешкім көмектеспеді»: Атырау тұрғыны көлігін бүлдірген азаматты ұрып өлтірген (ВИДЕО)

Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Атырауда ер адам көлігін сызып кеткен адамды аяусыз соққыға жығып, мерт қылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға қаладағы "Дина" базарында болған. Бейнебақылау камерасына ер адамның екінші бір азаматты аяусыз соққыға жыққаны түсіп қалған.

Куәгерлердің сөзінше, жәбірленуші ер адам соққыға жыққан күдіктінің көлігін сызып кеткен. Кикілжің содан шыққан.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Күдікті УҰИ-на қамауға алынды. Жәбірленуші ауруханада алған дене жарақаттары салдарынан қаза тапқан", - делінген Атырау облысы ПД хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 6

Серіктес жаңалықтары