$ 494.87  520.65  4.91

Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде аптап ыстық болады

Республиканың солтүстігінде тәуліктік басым температура +20 және +25°С аралығында болады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2024 жылғы 13 маусымға араналған Қазақстандағы ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Синоптиктердің айтуынша, елдің көп бөлігінде найзағай тұрып, қатты желмен жаңбыр жауады. Ең қарқынды жаңбыр 13 маусымда елдің орталығында тіркеледі деп күтілуде.

«Республиканың солтүстігінде тәуліктік басым температура +20 және +25°С аралығында болады. Шығыста және орталықта +22-ден төмендеу температура болжанады. Оңтүстікте қатты ыстық +33 градусқа дейін әлсірейді», – делінген ақпаратта.

Сондай-ақ еліміздің Батыс аймақтарында ауа температурасы 40 градусқа дейін көтерілмек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 3
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары