$ 494.87  520.65  4.91

Келесі жылы елімізде толық тізбекті Kia зауыты іске қосылады

Елімізде Hyundai маркалы автокөліктер сәтті құрастырылып жатыр.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Корея бизнес форумында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Елімізде Hyundai маркалы автокөліктер сәтті құрастырылып жатыр. Келесі жылы бізде инвестиция көлемі 200 миллион доллар болатын Kia толық циклді зауытының іске қосылуы күтіліп отыр. Айта кету керек, компания өз тарихында алғаш рет Оңтүстік Кореядан тыс жерде зауыт салуға инвестиция салып, Қазақстанды таңдады. Бірқатар оңтүстіккореялық Xiong, Hua, Yongsan компаниялары автомобиль өнеркәсібін дамытудың кезекті кезеңіне, Қазақстанда автокөлік бөлшектерін өндіру бойынша кластер құруға ниетті екені қуантады», - деді Президент елордада өтіп жатқан Қазақстан-Корея бизнес форумында.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары