Қалалық білім басқармасы қызметтік тексерісті бастаған.
Павлодарда балаларды табақпен ұрған балабақша қызметкерлеріне қатысты дерек шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Балабақшадағы бассыздыққа қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ПД мәлімдеді.
"Мұғалімнің кәмелетке толмағандарды тәрбиелеудегі міндеттерін орындамауы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады Павлодар полиция департаменті.
Қалалық білім басқармасы қызметтік тексерісті бастаған.