13.06.2024, 16:00

Асу Алмабаев мансабында алғаш рет UFC турнирінің басты кардында жұдырықтасады

Фото: UFC

Асу Алмабаев шаршы алаңда 20 жекпе-жек өткізіп, 20-сында жеңіске жетсе, 2 рет қарсыласына есе жіберген.

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев алғаш рет мансабында UFC тұжырымының басты кардына шығады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Зүлфикар” лақап атымен танылған Асу Алмабаев UFC тұжырымындағы үшінші жекпе-жегін басты кардта өткізеді. Ол 15 маусымда өтетін UFC Vegas 93 турнирінің негізгі кардында америкалық  Хосе Джонсонға (16-8) қарсы жұдырықтасады. Аса жеңіл салмақта өтетін жекпе-жек маңызы жағынан бесінші болмақ. Кештің басты жекпе-жегінде Асудың салмағында рейтингте 5-орында тұрған Алекс Перез бен 13-орындағы Тацуро Тайра жұдырықтасады.

Айта кетейік, Асу Алмабаев шаршы алаңда 20 жекпе-жек өткізіп, 20-сында жеңіске жетсе, 2 рет қарсыласына есе жіберген. Ол соңғы кездесуін UFC 299 турнирінде Си Джей Вергараға қарсы өткізіп, жеңіске жеткен еді.