Егер оған қатысты қылмыстық іс қозғалса, мен соншалықты мықты және билігім болса, неге олар жабылмайды?
Алматы қалалық сотында Гүлмира Сатыбалдыға қатысты басты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгін сотта жәбірленуші Абай Жүнісовтен жауап алу жалғасты, деп Skifnews.kz ақпарат порталы Nur.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жәбірленушіден жауап алу кезінде айыптталушы Гүлмира Сатыбалды да сұрағын қойды.
"Бұрынғы күйеу балама бір сұрағым бар, ол мені Назарбаевтың бұрынғы келіні деп әр жерде жар салады. Ал ол неге ол менің бұрынғы күйеу балам екенін еш жерде айтпайды. Егер оған қатысты қылмыстық іс қозғалса, мен соншалықты мықты және билігім болса, неге олар жабылмайды , - деді сотталушы.
Судья Сатыбалды сауалының тым эмооционалды екенін айтты. Содан кейін айыпталушының адвокаты cұрақты түсіндірді. "Гүлмира ханымның айтқысы келген: "Оны мықты, билігі бар күшті деп барлық жерде айта бересіз, бірақ неліктен сізге қатысты қылмыстық істер тоқтатылды", - деп сұрақ қойды адвокат.
Жәбірленуші оны ешқашан жасырмағанын, Сатыбалдының бұрынғы күйеу баласы екенін үнемі ашық айтатынын айтты.
"Бұрынғы күйеуіңіз Қайрат Сатыбалдыға қатысты да әрекеттер болды. Ал қылмыстық істердің айғақ болмағандықтан тоқтатылды", - деді Жүнісов.
"Жәбірленуші қазір банк борышкері екенін, барлық шоты бұғатталғанын жеткізді. "VTB банкке, "Восточка" ТК-ға қатысты іс сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жеке өндірісте қаралып жатыр. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша іс қозғалған. Біз сондай-ақ 2019 жылғы сол кезеңіндегі лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі туралы мәселені даулап отырмыз. Бұл – "Нұрбанк", Алматы әкімдігінің және "Samruk-Kazyna Construction" ЖШС-нің лауазымды тұлғаларына қатысты. Бұл заңсыз әрекеттердің барлығын Сатыбалды жалғыз өзі жасауы мүмкін емес деп есептейміз", - деді жәбірленушінің өкілі.
Сот Жүнісовтен 7,8 млрд теңге өндіру туралы шешім қабылдады. Бірақ кешіктірулер мен айыппұлдар есебінен сома екі есе өсті. Айта кетейік, Алматыда тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туысы Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты іс бойынша басты сот отырысы басталды. Оған кәсіпкерді заңсыз бас бостандығынан айырды және одан аса ірі мөлшерде ақша бопсалады, рейдерлік жасады, өз бетінше билік жүргізді деген айып тағылып отыр. Ал оның бұрынғы жүргізушісі Мәди Батыршаев заңсыз бас бостандығынан айыру бойынша сот алдына келді. Іс бойынша жәбірленуші кәсіпкердің адвокаты Рашид Теңізбаев жәбірленуші Абай Жүнісов пен сотталушы Гүлмира Сатыбалды бұрын туыстық қатынаста болғанын растады.