Қазір жігіттің жағдайы жақсы, ол ата-анасының жанында.
Батыс Қазақстан облысында аутизмге шалдыққан жоғалған жігіт табылды, деп Skifnews.kz ақпарат порталы "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.
19 жастағы Игорь Исраилов 6 маусымда Бәйтерек ауданы Рубежинское ауылындағы үйінен шығып, оралмаған. Жігіт аутизммен ауырады. Игорьдің анасы 10 маусымда полицияға жүгінген.
Бір аптадан кейін жігітті Теректі ауданының полицейлері тапты. Ол сол аудандағы шаруа қожалықтарының бірінде болған. Шаруашылық басшысы Игорьдің өзі келіп, жұмысқа қабылдауды сұрағанын айтты.
Қазір жігіттің жағдайы жақсы, ол ата-анасының жанында.