Александр Бублик Штутгарт (Германия) ATP 250 турнирінің ширек финалына өтті.
Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 135-орында тұрған сербиялық Хамад Меджедовичпен шеберлік байқасты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бірінші партияда Бублик айқын басымдылық танытты – 6:1. Екіншісінде тай-брейкте матчты бітіре алды – 7:6 (7:4).
Александр Бублик жартылай финалға шығу үшін әлемнің 30-ракеткасы, италиялық Лоренцо Музеттимен кездеседі.