15.06.2024, 08:30

Демалыс күндері ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріледі

Фото: wallhere.com

Таяу күндері Қазақстанның көп бөлігіне Мәскеу аудандарынан келген циклон әсер етеді. 

Қазгидромет синоптиктері 15-17 маусым аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Таяу күндері Қазақстанның көп бөлігіне Мәскеу аудандарынан келген циклон әсер етеді. Осының салдарынан ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Көп өңірлерде өткінші жаңбыр жауады, еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде кей уақытта қатты жауын болады.

Найзағай жарқылдап, жел күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Соның өзінде Қазақстанға Жерорта теңізінен өте жылы ауа жылжи береді, нәтижесінде көп облыстарда термометр бағаны күндіз +27+35°С дейін, ал оңтүстікте +35+42°С дейін жоғарылайды.