$ 494.87  520.65  4.91

АҚШ, Канада, Түркия, БАӘ: Шымкенттік түлек әлемнің 40 университетінен шақырту алды

Сунатулланың таңдауы Малайзия мемлекетіне түсті. 

Білім шыңын бағындыруға ұмтылған шымкенттік Сунатулла Октамов болашақ мамандығына бір жыл бұрын жоспар құрған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жас ізденімпаз бүгінде әлемнің 40 университетінен шақырту алған. Оның білім деңгейі мен қабілет-қарымын Америка, Канада, Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктерінің алдыңғы қатарлы оқу ордалары жоғары бағалаған.

24.KZ телеарнасының мәлімдеуінше, Сунатулланың өз таңдауы Малайзия мемлекетіне түсті.

Сунатулла білім сынақтарынан бөлек өзінің жан-жақтылығын да дәлелдей алды. Ағылшын тілінде әлеуметтік жобалар мен волонтерлік клуб құру туралы бастамасын сәтті қорғады. Сондай-ақ мамандығы бойынша «Бизнес басқару» саласында халықарылық болжамдар да жасаған.

Мен осыған 1 жыл дайындалғанның ішінде маған профориентолог мамандар көмектесті. Тағы мұғалімдер көмектесті. Мен жүзден астам универге тапсырдым. Соның ішінде мені 40 университет мені шақырды. Малайзияда 4-5 жыл оқимын. Сосын елге қайтып, бизнес жағынан елді дамыту ойымда, - дейді Сунатулла Октамов

Шетелдіктер қызығып отырған дарынды оқушылар Қызылорда облысында да бар. Мәселен биылғы жылы мектеп қабырғасын аяқтаған Асылжан Абдуллаевқа 3 бірдей белді университеттен шақырту түскен.

Оған себеп – жас өрен халықаралық цифрлық форумында жасанды интеллектті алғаш рет қазақша сөйлетті. 300 мың сөздік қоры мен 140 миллиард ақпарат сиятын үздік платформа жасақтауға инвестиция тартты. Енді Асылжан су тасқынына тойтарыс беретін тың жобаны жетілдіру үстінде.

                                                                                

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары