15.06.2024, 17:30

Елордада жас отбасылар Әкелер күнін ерекше атап өтті

Фото: Pixabay

Шеберлік сағатына 35 жастан аспаған ерлі-зайыптылар қатысты.

Биыл қазақстандықтар Әкелер күнін екінші рет атап өтіп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жаңа мерекеден астаналықтар да қалыс қалған жоқ. Елордада Әкелер күніне орай жас отбасылар үшін қыш құмыра жасау бойынша шеберлік сағаты өтті.

Шеберлік сағаты «Отбасы – бақыт мекені» іс-шаралар кешенінің аясында ұйымдастырылды. Artumar орталығында өткен шеберлік сағатына 35 жастан аспаған ерлі-зайыптылар қатысты.

Шара отбасындағы ауызбіршілік пен сыйластықты арттырып, өзара түсінісу мен ортақ көзқарас қалыптастыруға бағытталған. Шығармашылыққа толы шеберлік сағатында жас отбасылар өз қолдарымен құмыра жасауды үйренді.

Әкелер күнінің негізгі мақсаты – дәстүрлі отбасылық құндылықтарды ілгерілету, мен «ынталы ата-ана болу» идеясын насихаттау.