16.06.2024, 12:30

Президент Әзірет Сұлтан мешітіне барды (ВИДЕО)

Фото:Ақорда

Президенттің атынан құрбандық шалынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Құрбан айт мерекесіне орай елордадағы Әзірет Сұлтан мешітіне барды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мешітте Құран оқытылып, Мемлекет басшысының атынан құрбандық шалынды.